«Мен бейнелейтін әлем»
 2026 жылғы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде Ольга Ержановна Чавкина жетекшілік ететін PERFORMANCE студиясы шәкірттерінің көркемсурет көрмесі ашылды. Көрмеде 22 автордың шығармашылық туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Әрқайсысы өзіндік өрнегімен ерекшеленетін жұмыстар пейзаж, натюрморт, анималистика және фэнтези секілді сан алуан жанрды қамтиды. Көрме – өнер иелерінің шығармашылық ізденісін, көркемдік қызығушылықтарының кең ауқымын және әр қатысушының өзіндік көзқарасын айшықтайтын шығармашылық кеңістік. Суретшілерді көрменің ашылуымен құттықтаймыз! Оларға шабыт, жаңа шығармашылық идеялар және толағай табыстар тілейміз! Көрме Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайы бойынша үш ай бойы жұмыс істейді. Қосымша фотосурет ...
«От өзегінен өрілген керамика»
 Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде
Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.
Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.
Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.
«Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»
 Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.
Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.
Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.
Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.
Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.
Қосымша фотосурет ...
|
Гүлнәр Бекбердинованың әлемі. 2019
 
«Менің әлемім». Шығыс Қазақстан өнер музейінде ашылған живописьтік полотнолар көрмесі осылай деп аталады. Онда Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері Гүлнәр Бекбердинованың картиналары қойылған.
Гүлнәр Бекбердинова Көкпекті ауданының Көкжайық ауылында дүниеге келген және өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілігін өз картиналарында көрсетуден жалыққан емес. Суретшінің «Шебер», «Менің әжем», «Аңшылықта» және басқа да майлы, акварельді картиналарында оның бала кезінен жүрегіне жақын дүниелер келтірілген. Шебер қазірде де сол бір суреттерді өзгелердің түйсік-пайымына жеткізуге тырысады. Олар – ұлттық дәстүрлердің басымдығы, отбасының беріктігі, бақытты махаббат үлгілері.
Подробнее...
|
Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Орыс музейін таныстыру. 2019
 2019 жылдың 11 мамырында Семей қаласындағы №29 орта мектебінің орта буын оқушылары үшін музей-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері «Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Орыс музейін таныстыру» тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шараға 100 адам қатысты.
Подробнее...
Ұлы Жеңіс күніне орай. 2019
 9 мамыр күні музей-қорықта Ашық есік күні өтті. Әскери кешендегі Солжағалық саябаққа қонақтар ерекше көп келді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, Солжағалық саябақ аумағында орналасқан музей-қорықтың барлық залдары тегін жұмыс істеді. Қала тұрғындары мен қонақтары саябақтағы әскери кешенде өткен 1938-1970 жылдар үлгісіндегі әскери техникалар көрсетіліміне ерекше қызығушылық танытты. Әрине, кешен павильондарының бірінде орналасқан «Өмір үшін өлімге бас тіккендер» экспозициясы келушілердің назарынан тыс қалмады. Ол соғыс жылдарында шайқасқа қатысқан шығысқазақстандық Кеңес Одағының 109 батырына арналған. Бұл жерде тақырыптық турлар өтті.
Подробнее...
«Жастар» саябағында Рабиндранат Тагорды еске алу салтанаты болды. 2019
 
7 мамырда үндінің атақты жазушысы, ақыны және қоғам қайраткері Рабиндранат Тагордың туғанына 158 жыл толды. Сол күні «Жастар» саябағындағы ескерткіш жанында үнді халқының даңқты ұлын, Нобель сыйлығының иегерін еске алуға Үндістанның Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі, полковник Милан Налаваденің басшылығымен келген үнділік делегация болды.
Подробнее...
Қазақстандағы Ғашықтар күні. 2019
 
14 сәуір күні «Жастар» саябағында Қазақстандағы Ғашықтар күніне арналған мереке аталып өтті. Келушілер «Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер» бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған мерекеде қолөнершілер жәрмеңкесіне қатысып, концертті тамашалады.
Подробнее...
Қазақстанның балалары жемқорлыққа қарсы. 2019
 
Музей-қорықтағы мекеме қызметкерлерінің балалары арасында «Қазақстанның балалары жемқорлыққа қарсы» атты шығармашылық байқауы өткізілді. Балалардың барлық жұмыстары Солжағалық кешеннің әкімшілік ғимаратына қойылды.
Подробнее...
Музей-қорықтың жоғары оқу орындарымен әріптестігі. ҚАЕУ-дің «Ұлы даланың жеті қыры» атты олимпиадасы: өткен шақ бүгінгіні айқындайды. 2019
 2019 жылдың 30 наурызы күні сағат 10.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан-Американ еркін университетінде Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы 29 мектептің 10-11 сынып оқушылары арасында Қазақстанның тарихы мен мәдениеті бойынша олимпиада болып өтті.
Подробнее...
«ШҚО әзірбайжандарының мәдени мұрасы» Новруз мерекесінде. 2019
 
Наурыз – көктемнің алғашқы белгілері көрінетін, Жаңа жыл келетін тамаша кез. Наурыз мейрамын негізінен мұсылман мемлекеттерінде тойланса да, діни мейрамға жатпайды, себебі, күн мен түннің теңелуі, табиғаттың жаңаруы халққа жақсы әсерін тигізіп, асыға күткен мейрамды дүркірете тойлайды.
Подробнее...
Табиғаттың түлеу және жандану мерекесі. 2019
 
22 наурызда Өскемендегі Республика алаңында Наурызды мерекелеуге арналған іс-шаралар болып өтті. Оған музей-қорық та қатысты.
Мерекелік аумақта орын тепкен жеті киіз үйдің әрқайсысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының әрбір тарауына арналды. Олардың бәріне дерлік музей-қорықтың қорынан алынған жәдігерлер қойылды.
Подробнее...
Масленицаға арналған мерекедегі қолөнершілер көрмесі. 2019
 
10 наурызда облыстық Достық үйінде жергілікті қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылған Масленица мерекесі болып өтті. Көрмені ұйымдастыруға музей-қорықтың халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі атсалысты.
Подробнее...
|
|
|
|
Страница 20 из 46 |