• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары
Жаңалықтары

«От өзегінен өрілген керамика»

Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде

Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.

Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.

Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.

Қосымша фотосурет ...

 «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»

Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.

Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.

Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.

Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.

Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.

Қосымша фотосурет ...

«Шабыт пен еңбектің тоғысқан тұсы» (ХХ ғасырдағы өңір жазушылары)

Көрме жерлесіміз, белгілі жазушы, аудармашы, педагог, ғалым Александр Мелентьевич Волковтың (1891–1977) туғанына 135 жыл толуына орай ұйымдастырылды. А.М. Волков Өскемен қаласында дүниеге келген және жастық шағында үш сыныптық Жоғары ерлер училищесінде (қазіргі Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының ғимараты, Бейбітшілік көшесі, 29) ұстаздық қызмет атқарған. Бұл туралы ғимаратқа орнатылған ескерткіш тақтада көрсетілген.

Көрме маусымдық кезеңде, мамыр айынан қазан айына дейін, Қасым Қайсенов атындағы этнобақтағы Бажов үйінде жұмыс істейді.

Көрмеге келушілер музей-қорықтың сирек кітаптар қорындағы жазушының 1984–2011 жылдары Мәскеу, Санкт-Петербург және Өскемен қалаларында жарық көрген шығармаларымен таныса алады.

Сонымен қатар көрмеде жазушының есімімен байланысты Өскемен қаласындағы тарихи-естелік орындардың фотосуреттері қойылған.

Қосымша фотосурет ...



Достық пен өзара түсіністік мерекесі. 2019

Екі күн бойы – 2019 жылдың 6 және 7 қыркүйек күндері музей-қорықта Жастар жылына арналған «Бірге бақыттымыз» атты этнофестиваль болып өтті. Биыл этнофестиваль Қазақстанда 8 қыркүйек күні атап өтілген Отбасы күні қарсаңында өткізілді. Іс-шара барысында әр түрлі халықтың отбасылық салт-дәстүрлері ұсынылды. «Бірге бақыттымыз» этнофестивалі музей-қорықтың барлық бөлімдерінің  атсалысуының арқасында өте танымды, қызықты және көңіл толтырарлықтай болып өтті.

 

Өз қолымен жасалған ғажайыптар. 2019

2019 жылдың 30 тамызы күні Қ. Қайсенов атындағы этнобақта музей-қорықтың ұйымдастыруымен «Өз қолымен жасалған ғажайыптар» атты облыстық дәстүрлі көрме болды. Онда бағбандар сан түрлі гүлдер мен ағаштарды саябақ жағдайларында, сән үшін және үйге арнап өсірудегі құпияларын ортаға салды. Келер жылдың астығына арналған тұқымдардың көптеген түрі ұсынылды. Сонымен қатар аталған жерден сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің ағаштан, былғарыдан, шпоннан, қайың қабығынан және басқа да табиғи материалдардан жасаған бұйымдары мен зергерлік әшекейлерді де сатып алуға болатын еді.

 

Конституция күніне арналды. 2019

ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Ертіс концерт» КМҚК шығармашылық ұжымдарының 2019 жылдың 30 тамызы күні музей-қорықтың Солжағалық кешенінде болған концерті Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналды. Этноауылдың орталық алаңында үрмелі аспаптар оркестрі қазақ композиторларының марштарын орындады.  Бас сахнада Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі (бас дирижері Ш. Рысханов, дирижері Е. Қасымханов)  әншілердің қатысуымен концерт қойды. Онда халықаралық және республикалық конкурстар мен фестивальдардың лауреаты, мәдениет саласының үздігі Нұргүл  Қабдоллаева, облыстық, республикалық және  халықаралық конкурстардың лауреаттары   Айдар Алтай мен Юлия Юрочкина, республикалық конкурстардың лауреаты Қуаныш Оралбаев және басқалар өздерінің орындау шеберліктерімен көрермендерді тәнті етті.   Концерттік бағдарламада қазақстандық композиторлардың патриоттық тақырыптағы шығармалары мен Отан туралы әндері және күйлер орындалды.

 

Қазақстан халқының Тілдері күні қарсаңындаа. 2019

28 тамыз күні музей-қорықтың Солжағалық кешені ШҚО тілдерді дамыту басқармасы Шығыс Қазақстан  лингвистикалық орталығының тәжірибелік  сабақтар алаңына айналды. Тұрғындарға арналған «Тiлашар» қысқа курсына қатысушылар, қазақ тілін үйренушілер осы жерде өз білімдерін нығайта түсті. Оларға музей-қорықтың сирек кітаптар бөлімінің қызметкерлері көмектесті.

 

Музей-қорықтың ҚР Конституциясы күніне арналған іс-шаралар бағдарламасы. 2019

Фото Алексея Мазницына - vkoem.kzРухани жанғыру5 негізгі іс-шара жоспарланған...

 

Музей-қорықтың Солжағалық кешені – этникааралық келісім мен тұрақтылықтың қазақстандық моделі. 2019

27 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бірлік» халықаралық жастар лагерінің өкілдері Солжағалық кешенде болды.

Міне, бірнеше күннен бері жастардың «Бірлік» лагері Глубокое ауданының «Дарын» жазғы сауықтыру лагерінде жұмыс істеуде. Оның мақсаты: жалпы адами құндылықтар жүйесін қалыптастыру, жастар бойында патриотизм, азаматтық теңдік және бірлік тәрбиесін орнықтыру. Сондай-ақ, оның бірден-бір міндеті «ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының (РЖҚ) мақсаттарын танымал ету, олардың іс жүзінде іске асуы болып табылады. ҚХА Шығыс Қазақстан облыстық хатшылығының басшысы Асқар Нұрғазиевтің айтуына қарағанда, жастардың оқу кезінде алған дағдыларын беріктендіре түсу үшін Қазақстанның ерекше көзтартарлықтай ғажаптары орын тепкен этнографиялық музей-қорық таңдап алыныпты.

 

Құрметті қала тұрғындары және қала қонақтары! 2019

Музей-қорықтың көрме жоспарларын түзетуге байланысты «Мектеп жылдары тамаша» көрмесінің орнына 2019 жылдың қазан айының ортасында ашылатын, «Дала жылнамасы» көрмесі қойылады.

Кешірім өтінеміз.

 

Әкімшілік

 

 
 
 

Қазақстан-корей ынтымақтастық форумына қатысушылар Солжағалық кешеннің этноауылында болды. 2019

 

2019 жылы 24 тамызда Солжағалық кешенде «Бірліктегі күш» қазақстан-корей ынтымақтастық форумына қатысушылар барды. Делегацияны Шығыс Қазақстан Корейлері Қауымдастығының төрағасы Юлия Вячеславовна Кунст   басқарды. Қонақтарға кешен нысандары бойынша экскурсия жүргізілді. Олар киіз үйдің «Асыл мұра» экспозициясын, этноауылды аралады. Ғылыми қызметкер Т.Е. Свахина корей үйіне экскурсия жасады.


 

 

«Жамбыл саябағы үшін барлығына рахмет». 2019

Жамбыл атындағы саябақта қалалықтар – балалар, жастар және үлкендер үшін жайлы демалыс сыйлауға бағытталған шаруалар жалғасын табуда.

Ендігі жерде мұнда ағаштардың арасын кезіп, жүре бермей немесе орындықтарда отыра бермей, спортпен  шұғылдануға да мүмкіндік мол. Алаңқайдың бетон қабырғаларына воркаутпен, атап айтқанда, көше  гимнастикасымен айналысуға арналған баптамалар (тренажерлар) орнатылған. Алаңқай түрлі спортпен айналысуға  болатын топтамаларының көптігімен таңғалдырады. Оны  қала жастары да бағалауда. Саябақта қосымша орындықтар да көбейе түскен, мұның өзі зейнеткерлер үшін нағыз демалыс орны болады деп күтілуде.

 

Қолөнершілердің «Алтай базары» атты облыстық фестиваль-конкурсы. 2019

2019 жылдың 3 тамызы күні Қ. Қайсенов атындағы  саябақта сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін осымен үшінші рет Шығыс Қазақстан  облысы қолөнершілерінің фестиваль-конкурсы болып өтті. Іс-шараны ШҚО туризм және сыртқы байланыс басқармасының Туристік ақпарат орталығы мен Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы ұйымдастырды. Фестиваль-конкурсқа Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Ұлан, Глубокое, Көкпекті, Бесқарағай аудандарынан барлығы 40 қөлөнерші қатысты. Фестиваль барысында қонақтарға шеберлердің жұмыстарымен қатар ши тоқу, қоға өру, ағашқа ойып, өрнек салу, киіз басу, матадан қуыршақтар және былғарыдан білезіктер жасау сынды  халықтық өнер бойынша шеберлік дәрістері ұсынылды.

 


Страница 16 из 45

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пользователи : 3
Статьи : 3195
Просмотры материалов : 40055296

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...