• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары
Жаңалықтары

«От өзегінен өрілген керамика»

Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде

Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.

Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.

Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.

Қосымша фотосурет ...

 «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»

Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.

Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.

Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.

Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.

Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.

Қосымша фотосурет ...

«Шабыт пен еңбектің тоғысқан тұсы» (ХХ ғасырдағы өңір жазушылары)

Көрме жерлесіміз, белгілі жазушы, аудармашы, педагог, ғалым Александр Мелентьевич Волковтың (1891–1977) туғанына 135 жыл толуына орай ұйымдастырылды. А.М. Волков Өскемен қаласында дүниеге келген және жастық шағында үш сыныптық Жоғары ерлер училищесінде (қазіргі Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының ғимараты, Бейбітшілік көшесі, 29) ұстаздық қызмет атқарған. Бұл туралы ғимаратқа орнатылған ескерткіш тақтада көрсетілген.

Көрме маусымдық кезеңде, мамыр айынан қазан айына дейін, Қасым Қайсенов атындағы этнобақтағы Бажов үйінде жұмыс істейді.

Көрмеге келушілер музей-қорықтың сирек кітаптар қорындағы жазушының 1984–2011 жылдары Мәскеу, Санкт-Петербург және Өскемен қалаларында жарық көрген шығармаларымен таныса алады.

Сонымен қатар көрмеде жазушының есімімен байланысты Өскемен қаласындағы тарихи-естелік орындардың фотосуреттері қойылған.

Қосымша фотосурет ...



2019 жылдың 27 шілдесі күні ШҚО, Алтай (бұрынғы Зырян) ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінің туристері үшін ежелгі Ақбауыр ғибадатханасына экскурсия болды. 2019

Экскурсия барысында қонақтар аталған орынның геологиялық ерекшеліктерімен және рельефімен, пайдалы қазбаларымен, Ақбауыр орналасқан Қалба тауының өсімдік және жануарлар әлемімен танысты, Қоржынбай тауының беткейіндегі археологиялық ескерткіштерді, атап айтқанда,  б.д.д. V-III  мың жыл бұрынғы жартастарға салынған суреттерді, жартастардың бетіне ойып салынып, қола дәуірінен және ертеректегі темір ғасырынан қалған гранит қаңқаларды аралап көрді.

 

Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі музей-қорықта болды. 2019

2019 жылдың 21 – 24 шілдесі күндері Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар мырза Шығыс Қазақстан облысында болды.

Біздің музей-қорық көп жылдан бері Үндістан Республикасының Елшілігімен және үнді мәдениет орталығымен жемісті әріптестік орнатқанын атап өткен жөн.  Мұнда бірнеше мәрте үнді мәдениетінің фестивальдары, көрмелер мен шеберлік дәрістері өтті. Ерекше достықтың белгісіндей болып саябақ аумағында үнді халқының белгілі ұлы, ойшылы, Нобель сыйлығының лауреаты Робиндранат Тагорға кеуде мүсін орнатылған. Сол себепті де мәртебелі қонақтың сапары ерекше мәнге ие.

Толығырақ...

 

Бүкіл ғұмырға созылған соқпақ. 2019

Облыстық музей-қорықта 12 шілдеден бастап жазушы, ЩҚО-ның бас орнитологы, биология ғылымдарының кандидаты Борис Васильевич Щербаковтың 80 жылдығына орайластырылған «Бүкіл ғұмырға созылған соқпақ» атты көрме ашылды.

 Ол 1939 жылдың 5 шілдесінде Өскемен қаласында дүниеге келген.

Толығырақ...

 

Домбыра – халықтың жаны. 2019

7 шілде күні музей-қорықтың Солжағалық кешенінде ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Ертіс концерт» КМҚК шығармашылық ұжымының қатысуымен Ұлттық Домбыра күні аталып өтті.

Ұлттық Домбыра күні 2018 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен бекітілген болатын. «Домбыра – қазақтың жаны, - дейді Елбасы. – Біздің қазақ халқының әндері жан толқытады және оның мазмұны ерен философияға толы». Мереке «Алтай» фольклорлық ансамблінің өнерімен ашылды. Күні бойы қазақтың ескі халық аспаптарының көрмесі мен қолөнерші шеберлердің шеберлік дәрістері болды. Үлкен киіз үйде белгілі адамдардың музей-қорыққа сыйға тартқан аспаптары, оның ішінде шебер Б.Кеңшілік көшірмесін жасаған Абайдың үш ішекті домбырасы да қойылды.

 

Хоровод та, алау да! 2019

Музей-қорық 6 шілде күні Иван Купала күнін қарсы алуға арналған «Купала отшашуы» атты мереке өткізді. Бұл күні Солжағалық кешенге келгендер  үшін халықтың дәстүрлі наным-сенімі мен салт-жоралғысына арналған бағдарлама ұсынылды. Мереке «Бастеньки» ансамблі мен басқа да шығармашылық ұжымдардың театрландырылған көрсетілімдерімен  басталды. Қатысушылардың барлығы басты тақырып Иван Купала болған халықтық мерекенің конкурстары мен викториналарына жұмылып кетті. Шығыс славяндарының ескі салт-жоралғылары бойынша  оның құрамдас бөлігіне от, су, және түрлі шөптер енеді. Этноауылдың алдындағы орталық алаңда Купала алауы жағылды. Қалаған адамдар дала гүлдерінен сыпыртқы жасады. Бағдарламаға қырыққұлақтың гүлін іздеу де енген. Ал қырыққұлақтың гүлдемеуі мәселе емес, өйткені Купала түнінде ол да мүмкін. Музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің ерік-жігерінің нәтижесінде ол гүл өте әдемі болып шықты. «Купала отшашуы» мерекелік отшашумен аяқталды.

 

Мен астана жайлы не білемін? 2019

Музей-қорық астана күні қарсаңында облыс орталығының оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балалары шақырылатын бірқатар іс-шара өткізбек. 3 шілде күні музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері  Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайында орналасқан «Ескі үйдің шатыры астында» атты виртуалды залына Өскемен қаласы шығармашылық үйінің  орта тобындағы 29 оқушыны жинады. Оларға «Нұр-Сұлтан – Отанымыздың астанасы» атты интербелсенді-виртуалды экскурсия әзірленді. Оған дәріс-әңгіме, «Мен  астана жайлы не білемін?» атты викторина және деректі бейнефильмдердің көрсетілімі енді. Фильмде Қазақстанның астанасы қалай құрылғаны мен қалай құлпыра түскені жайлы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әңгімеледі. Іс-шараға қатысқандардың пікірінше, бұл өте танымдық экскурсия болды. Осы күні музей-қорықтың   виртуалды залында болған әр адамның астана туралы жинақтаған білімі толыға түскені даусыз.

 

Қызылорда қонақтарын қарсы алды. 2019

Рухани жаңғыру және Өскемен мен Қызылорда қалаларының ынтымақтастығы бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, Қызылорда қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылы тәрбиеленушілері тәрбиешілерімен музей-қорыққа  барып қайтты.

 

Шеберлік дәрістері жалғасуда. 2019

Солжағалық кешен аумағындағы Шеберлер қалашығында әр аптаның демалыс күндері қолөнер шеберлері балаларды да, үлкендерді де әртүрлі қолөнершілікке, оның ішінде ескі заманғы қолөнершілікке үйретеді. Онда 22 маусым күні де шеберлік дәрістері болып өтті.

 

Музей-қорық қызметкері «Мәдениет саласының үздігі» белгісімен марапатталды 2019.

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы қазақ этнографиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері Айман Қайырбекова Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Мұндай белгімен  саланың дамуына, ел мәдениетінің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан және ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек еткен мәдениет қызметкерлері марапатталады.

 

Мемлекеттік қызметкерлер кәсіби мерекелерін тойлады. 2019

Облыстың мемлекеттік қызметкерлері кәсіби мерекелерін тойлады. Салтанат  21 маусым күні музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі бас сахнада өтті.

 


Страница 17 из 45

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пользователи : 3
Статьи : 3195
Просмотры материалов : 40055341

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...