• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары
Жаңалықтары

«От өзегінен өрілген керамика»

Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде

Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.

Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.

Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.

Қосымша фотосурет ...

 «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»

Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.

Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.

Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.

Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.

Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.

Қосымша фотосурет ...

«Шабыт пен еңбектің тоғысқан тұсы» (ХХ ғасырдағы өңір жазушылары)

Көрме жерлесіміз, белгілі жазушы, аудармашы, педагог, ғалым Александр Мелентьевич Волковтың (1891–1977) туғанына 135 жыл толуына орай ұйымдастырылды. А.М. Волков Өскемен қаласында дүниеге келген және жастық шағында үш сыныптық Жоғары ерлер училищесінде (қазіргі Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының ғимараты, Бейбітшілік көшесі, 29) ұстаздық қызмет атқарған. Бұл туралы ғимаратқа орнатылған ескерткіш тақтада көрсетілген.

Көрме маусымдық кезеңде, мамыр айынан қазан айына дейін, Қасым Қайсенов атындағы этнобақтағы Бажов үйінде жұмыс істейді.

Көрмеге келушілер музей-қорықтың сирек кітаптар қорындағы жазушының 1984–2011 жылдары Мәскеу, Санкт-Петербург және Өскемен қалаларында жарық көрген шығармаларымен таныса алады.

Сонымен қатар көрмеде жазушының есімімен байланысты Өскемен қаласындағы тарихи-естелік орындардың фотосуреттері қойылған.

Қосымша фотосурет ...



Танымал актрисаның 100 жылдығына арналды. 2019

29 қазан күні ақпараттық-ағартушыық бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаева мен аталған бөлімнің қызметкері Анастасия Григорьева қазақ киносы мен театрының аңыз тұлғасы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, Еңбек Қызыл Ту және «Отан» ордендерінің иегері Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған іс-шара өткізді. Аталған мерейтой ЮНЕСКО аясында өтуде.

 

Облыстық Достық үйінде рухани келісім күні аталып өтілді. 2019

17 қазан күні музей-қорық қызметкерлері облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында өткен рухани келісім күні мерекесіне қатысты.

Аталған мереке шеңберінде Достық үйінің фойесінде «Шығыс Қазақстанның діни дәстүрлері» атты көрме ашылды. Онда музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімі музей-қорықтың қор топтамасынан алынған құранды, евангелияны, провославтық және католиктік икондарды, сондай-ақ, салттық бұйымдарды ұсынды. Көрмеде осылардың соңғысына  жайнамазды, мұсылмандық, православтық және католиктік тасбиықтарды, ескідәстүршіл лестовкаларды, кадильница мен басқа да шіркеулік бұйымдарды жатқызуға болатын еді.

 

Оның ғаламшары – Қазақстан. 2019

Жазушы-өлкетанушы, ғалым-орнитолог Борис Васильевич Щербаковтың 80 жылдығын мерекелеуге музей-қорық қатысты. Осы іс-шараға арналған «Менің ғаламшарым - Қазақстан» кеші 11 қазанда облыстық Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында өтті.

 

Қазақстанның астанасына іс-сапар одан әрі жұмыс жасау үшін пайдалы болды. 2019

Қазан айының басында музей-қорық қызметкерлерінің бір тобы Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде болды. Іссапардың мақсаты - Ұлттық музейдің Қазақстан Республикасының мәдени және рухани құндылықтарын сақтау, дамыту және насихаттау тәжірибесімен танысу.

 

Қазақ мәтінін кириллицадан латын графикасына түрлендіру. 2019

«Қазақ тілін латын графикасына 2025 жылға дейін ауыстыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру аясында музей сайтында конвертердің Интернет-ресурсына сілтеме орналастырылды. Бұл веб-бетте сіз кириллицаны латын графикасына тегін түрлендіре аласыз.

Конвертердің Интернет-ресурсына сілтеме https://www.qazlatyn.kz/converter/text

 

Қарттар күніне орай ашық есік күні. 2019

2 қазанда қарттар күнін мерекелеу аясында музей-қорықта солжағалық кешенде ашық есік күні өтті. Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» қалалық аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ тапсырысы бойынша экскурсия өтті.

 

Музей-қорықта жаңа директор. 2019

30 қыркүйекте ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Мирас Жұмағұлов музей-қорықтың ұжымына жаңа директорды таныстырды. Білімі жоғары, 1981 жылы туылған Тен Әрсен Владимирович директор болды. Жаңа басшы жұмысқа кірісті.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Алексей Мазницынның суреті

 

Славяндардың тілі - ата-бабаларымыздың мәдениеті мен тарихын білудің кілті. 2019

22 қыркүйекте Қасым Қайсенов атындағы саябақта музей- қорықтың орыс этнографиясы бөлімі мен ШҚО тілдерді дамыту басқармасы және славян мәдениетінің аймақтық қоғамы ұйымдастырған «Славяндардың тілі - ата-бабаларымыздың мәдениеті мен тарихын білудің кілті» конкурстық эстафетасы өткізілді.

 

Жоғары шеберлік пен жаңашылдық. 2019

Қолөнершілер шығармашылығының Бекжан Батырдың 310 жылдығына (1709-1730) арналған   халықаралық фестиваль-конкурсына қатысушыларды жоғары шеберлік пен жаңашылдық дараландыра түсті. Фестиваль 13 қыркүйекте «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы мен «Асыл мұра» шағын бағдарламасы аясында Семей қаласында өтті. Оны ұйымдастырушылар қатарында музей-қорықтың халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі де  болды.

 

Студенттер Абайдың өмірі мен шығармашылығы және шәкірттері жайлы жақынырақ білді.

16 қыркүйек күні сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Кашаку С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті тарих,филология және алықаралық қатынастар факультетінің студенттері үшін Солжағалық кешеннің кіші павильонында экскурсия өткізді. Олар болашақ журналистер еді.

 


Страница 15 из 45

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пользователи : 3
Статьи : 3195
Просмотры материалов : 40055341

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...